Видеоға жазылып қалған бұл оқиға Гана астанасы Аккрада болған. Мәйітхананың екі қызметкері жергілікті тұрғындардың бірінің жерлеу рәсіміне келеді. Айналадағы адамдардың қарсылығына қарамастан, марқұмның мүрдесін табыттан шығарып, өздерімен алып кетті, деп хабарлады Daily Mail.
Туыстарының 150 ганалық седи немесе 35 доллар көлеміндегі морг қызметінің ақысын төлемеуі осындай адам айтқысыз жайтқа себеп болды.