Ганада жол апатынан 23 адам мерт болды

АККРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Гананың Ашанти провинциясында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 23 адам мерт болды, 11 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Акра-Кумаси тасжолында болды.

Жолаушылар автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр.

Билік қаза тапқандар санының артатынына қауіптенеді.