ГАНДБОЛ: Азия чемпионатында қазақстандық қыздар Индонезияны ойсырата жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гандболдан Индонезияда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші матчында Қазақстан командасы турнир қожайындарымен кездесті.

В тобындағы ойындар аясында қазақстандық қыздар Индонезия құрамасын ойсырата жеңді. Есеп - 68:5 (32:2).

Осы жеңістің нәтижесінде қазақстандықтар төрт ұпаймен өз тобында көш басына шықты.

18 наурызда Қазақстан құрамасы Гонконгпен ойнайды, деп хабарлайды sports.kz.