ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Гандболдан қыздар арасындағы командалық Азия біріншілігінде Қызылорданың «Қайсар» командасы чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш дүбірлі додаға Қызылорданың «Қайсар», оңтүстік астананың «Алматы», Өзбекстанның АГМК, Оңтүстік Кореяның «4.25» секілді командалар қатысты. Командалар екі айналым бойынша сынға түсті. «Қайсар» қыздары барлық ойында өздерін жақсы қырынан таныта білді. Нәтижесінде аталмыш біріншіліктің бас жүлдесіне қол жеткізді.
Айта кетерлігі, биыл қызылордалық клуб гандболдан жазғы спартакиадада чемпион атанды. Сондай-ақ, Қазақстан біріншілігінде күміс жүлдегер атанды.
«Қайсар» енді клубтар арасындағы әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды. Ол тамыз айының аяғында Қытайда өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.