Нидерланд құрамасы бұдан бұрын 2016 жылы Бразилияда өткен Рио Олимпиадасында төртінші орын алды. 2019 жылы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты.
Кездесу барысында нидерландтық құраманың басымдығы байқалып тұрды. Бірінші кезеңде қазақстандық гандболшылар оларға 9:27 есебімен жол берді.
Екінші кезеңде де ойын жағдайы дәл солай өрбіді. Нәтижесінде Қазақстан қарсыласына 15:61 есебімен жол берді.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы іріктеу сатысында С тобында Норвегия, Румыния және Иран құрамаларымен сынға түсті. Норвегия мен Румынияға есе жіберіп, Иран құрамасын тізе бүктірді.
Жарыстың негізгі сатысында бұдан бұрын Швецияға жол берді.
Енді 13 желтоқсанда Пуэрто-Рикомен шеберлік байқасады.
Әлем чемпионаты 1-19 желтоқсан аралығында Испанияның Лирия, Кастельон, Гранольерс, Торревьеха қалаларында өткізіледі. Дүбірлі додада барлығы 32 құрама бақ сынайды.