АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Кумамото қаласында гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы кездесуде жеңіске жетті.
Қазақстандық гандболшылар Австралиямен өткен кездесуде 32:24 есебімен қарсыластан басым түсті.
Азия чемпионатында біздің команда Жапония, Австралия, Иран және Жаңа Зеландиямен бірге «А» тобына түскен. Топтық кезеңдегі екінші матчты біздің құрама ертең Иранға қарсы өткізеді.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрама командасы гандболдан екі мәрте Азия чемпионы атанған.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.