Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы Испаниямен кездеседі

Фото: Фото: kazsports.kz

Бүгін гандболдан әйелдер құрамалары арасындағы әлем чемпионаты басталады. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Kazınform. 

Дүбірлі дода 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінде өткізіледі.

Қазақстандық гандболшылар G тобында сынға түседі. Қарсыластары – Бразилия, Испания мен Украина.

Бүгін, 29 қарашада қазақстандық гандболшылар Испанияға қарсы өткізеді. Ойын елорда уақытымен 01:45-те Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші – 2007 жылғы 18 орын.

Биыл ел құрамасында Жанерке Қуандықова, Дана Әбілда, Жанерке Сейітқасым, Татьяна Давыдова, Злата Звягина, Алеся Малышева, Альсина Жұмабек, Наталья Полуянко, Мария Пупченкова, Камила Серікбаева, Кристина Степанова, Вероника Хардина, Мария Ситникова, Ксения Пупченкова, Арайлым Әбдіхамит, Елена Беренда, Дамира Жапарова, Кристина Радаева, Аружан Хамитова, Дарья Колесниченко, Ирина Александрова, Юлия Пойлова, Кира Немтырева, Луиза Хасанова, Мәдина Мырзамсейітова, Мөлдір Тәшенова, Назым Сабыржанқызы, Севара Реджеметова, Таңшолпан Жұмәділова, Валентина Ситникова, Жаннат Айтенова ойнайды.

Сондай-ақ, аталған топта бүгін Бразилия мен Украина құрамалары өзара кездеседі.

Оған қоса С тобында Норвегия мен Гренландия, Оңтүстік Корея мен Австрия ойнайды.

Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.

Құрамалардың топтарға бөлінуі мынадай:

A тобы: Швеция, Хорватия, Қытай, Сенегал

В тобы: Черногория, Венгрия, Камерун, Парагвай

С тобы: Норвегия, Оңтүстік Корея, Гренландия, Австрия.

D тобы: Франция, Словения, Ангола, Исландия.

Е тобы: Дания, Румыния, Сербия, Чили.

F тобы: Германия, Польша, Жапония, Иран.

G тобы: Бразилия, Испания, Украина, Қазақстан.

H тобы: Нидерланд, Чехия, Аргентина, Конго.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 14 құрама жеңімпаз тұғырына көтерілді. Олардың қатарында Норвегия мен Ресей 4, КСРО, ГДР 3, Франция 2, Венгрия, Югославия, Дания, Румыния, Нидерланд, Чехословакия, Германия, Оңтүстік Корея, Бразилия 1 мәрте алтын медальге ие болды.