Қазақстандық гандболшылар G тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Бразилия, Испания және Украина.
Бүгін, 3 желтоқсанда қазақстандық гандболшылар үшінші ойынында Украинамен шеберлік байқасады.
Ойын елорда уақытымен 20:25-те Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы Испаниядан17:34, Бразилиядан 16:46 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші – 2007 жылғы 18 орын.
Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген. Әрбір топтан алғашқы үш орындағы құрамалары жарыстың келесі сатысына жолдама алады.
Дүбірлі дода Дания, Норвегия, Швеция елдерінде 29 қарашада басталды, енді 7 желтоқсанда мәресіне жетеді.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 14 құрама жеңімпаз тұғырына көтерілді. Олардың қатарында Норвегия мен Ресей 4, КСРО, ГДР 3, Франция 2, Венгрия, Югославия, Дания, Румыния, Нидерланд, Чехословакия, Германия, Оңтүстік Корея, Бразилия 1 мәрте алтын медальге ие болды.