Гандболдан Әлем чемпионаты: Қазақстан командасы Қытайды жеңді
08:22, 09 Желтоқсан 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияда гандболдан лицензиялық әлем чемпонаты жалғасуда. Қазақстан командасы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Olympic.kz.
Топтық кезеңдегі барлық кездесуде жеңіліске ұшыраған қазақстандықтар 21-24 орынға таласу үшін Қытаймен кездескен болатын.
Аталған мат 29:23 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.