МАНАМА. KAZINFORM - Қазақстан құрамасы Бахрейн астанасы Манама қаласында гандболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатында 9-16 орындар үшін плей-офф сатысында Қытайдан жеңіліп қалды.
Кездесу барысында қазақстандық гандболшылар қарсыласына 24:43 есебімен есе жіберді. Одан бұрын Оман құрамасына 29:30 есебімен жеңілген еді.
Енді ел құрамасы 21 қаңтарда Үндістанмен шеберлік байқасады.
Нәтижесінде құрамалардың қай орын үшін сынға түсетіні белгілі болады. Аталған ойындар 22-23 қаңтар күндеріне белгіленген.
Қазақстандық гандболшылар жарыстың алғашқы сатысында D тобында сынға түсті. Алдымен Бахрейннен 13:47, Біріккен Араб Әмірлігінен 15:39 есебімен жеңіліп, Гонконгты 27:22 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан құрамасы биыл құрлықтық додаға үшінші мәрте қатысып отыр. 1998 жылы сегізінші орынға табан тіресе, 1993 жылы он бірінші орынды місе тұтты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.