НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрлықтық додада барлығы бес құрама сынға түсуде. Олардың қатарында Иран, Өзбекстан, Қазақстан, Үндістан және Сирия құрамалары бар.
Қазақстандық гандболшылар алғашқы кездесуінде Иранға 19:20 есебімен жол беріп қойды.
Енді қыздар үш ойын өткізеді. Алдымен 22 наурызда Сириямен шеберлік байқасса, одан кейін 23 наурызда Үндістан, 25 наурызда Өзбекстанмен тартысқа түседі.
Алғашқы екі ойыннан кейін төрт ұпаймен Иран көш бастаса, Өзбекстан екі ұпаймен екінші орында тұр. Бір ойыннан кейін Қазақстан мен Үндістанның, әзірге ешқандай ойын өткізбеген Сирияның еншісінде ұпай жоқ.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.