Гандболдан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы гандболдан 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Қазақстан қыздар құрамасы Қытайдың Цзинганшань қаласында өткен құрлықаралық біріншілігінде сәтті өнер көрсетті.

Отандастарымыз үшінші орын үшін болған кездесуде Оңтүстік Кореяға 21:30 есебімен жол берді. Дегенмен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының үздік төрттігіне еніп, әлем біріншілігіне баратын мүмкіндікке ие болды. 

Еске сала кетейік, осыған дейін астаналық гандболшылар VI жастар ойындарының чемпионы болғанын жазған едік.