Гандболшы қыздар Азия чемпионатының ½ финалына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Джайпур қаласында гандболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылар турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, жартылай финал жолдамасына талас кезінде қазақстандықтар Моңғолияны 48:10 есебімен ойсырата жеңді.

28 тамыз күні қазақстандықтар Корея спортшыларымен кездеседі.