Гандболшы қыздарымыз Азия біріншілігін жеңіспен бастады
08:50, 16 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гандболшы қыздарымыз Азия біріншілігін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында гандболдан әйелдер арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін сәтті өткізді.
Жерлестеріміз жарыстың алғашқы матчында Өзбекстан құрамасынан 35:22 есебімен басым түсті.
Бірінші жарыс күннің нәтижесі:
Қазақстан-Өзбекстн 35:22
Қытай-Иран 33:8
Корея-Вьетнам 48:11
Жапония- Гонконг 37:7