Осыған байланысты видеохостинг аталған әнге қатысты есептегішті жаңартқанын хабарлады.
«Бұл видео осыншама қаралады деп ойлағанымыз жоқ. Оны осы уақытқа дейін 2 147 483 647 адам тамашалаған. Сондықтан, біз көрсетілім есебін жаңартуды жөн санадық», делінген компанияның «Google »-тегі ресми парақшасында. Аталған бейнебаян 2012 жылдың 15 шілдесінде жарияланған. Ол YouTube тарихындағы ең көп көрілген виде болып есептеледі. Ол әндегі биді көптеген танымал адамдар қайталаған. Оның ішінде Мадонна мен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да бар. 2014 жылдың мамыр айында видеоның 2 млрд. -тан астам адам көрген.