Ғани Қасымов Алматыда Әбеновтар отбасымен кездесті

АТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Парламент Сенатының депутаты, Патриоттар партиясының лидері, ҚР Президенттігіне кандидат Ғани Қасымов Бостандық ауданында тұратын Әбеновтар отбасымен кездесті.

Отағасы Әмір Кәрімұлы Дамиров - сәулетші, еңбегі сіңген құрылысшы. Оның жетекшілігімен Алматы мен Астанада көптеген ғимараттар тұрғызылды. Ал жұбайы Ғалия Бисембайқызы - профессор, Орталық Азия университетінің инженерлік-құрылыс факультетінің деканы. Қонақжай үй иелерінің датарханы басында емен-жарқын әңгіме өрбіді. Олар тек Алматыдағы экологиялық жағдайды ғана емес, қала құрылысы, білім, денсаулық, мәдениет мәселелерін де қозғады.

ҚР Президенттігіне кандидат өз әңгімелесушілерінің ұсыныстары мен пікірлерін зейін қоя тыңдады.

Ғ. Қасымов, сайлау алдында мұндай кездесулердің маңызы өте зор деген пікірде.