Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Ол бұл қызметке биыл 17 мамырда келген еді. Қызметтен кетуіне өзге жұмысқа ауысуы себеп болып отыр.

Фото: qfl.kz

- Биыл QFL-де отандық футболды дамытуға бағытталған біршама реформа жүзеге асты. Мен үшін QFL-ді басқару үлкен құрмет әрі жауапкершілік және көптеген жобаның іске асуына үлес қосқаныма қуаныштымын. Лиганың командасы, футбол клубтары, біздің серіктестер, БАҚ өкілдері және құрметті жанкүйерлерге қолдау танытып, бірге жемісті қызмет атқарғаны үшін рақметімді айтамын, - деді Ғани Қайназаров.

Жаңа басшыны сайлау мәселесі Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті қызметіне Марат Омаров келді.

Сондай-ақ Саян Хамитжанов Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындалды.