Гаражда көлік өртеніп, сөндірмек болған ер адамды күйік шалды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданының Майқайың кентінде Мир көшесінде орналасқан тұрғын үйдің аумағында өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қызыл жалын бүгін түнде сағат 04.42-де 36 шаршы метр аумақты шарпыған. Гаражда тұрған «Toyota Carina ED» маркалы көлік түгі қалмай жанып кетті. Өрт сағат 04.57-де ауыздықталып, 05.30-да толығымен сөндірілді», - дейді департаментте.

Алдын ала болжам бойынша, электр сымдарының қысқа тұйықталуы төтенше жағдайға себеп болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға № 29 өрт сөндіру бөлімінен екі адам мен бір техника жұмылдырылды. Оқиға орнынан бірінші дәрежеде кеуде қуысын күйік шалған 1965 жылғы азамат Майқайың кентіндегі аудандық ауруханаға жеткізілді.  Ер адам өздігінен өртті сөндіруге тырысқан. 

Соңғы жаңалықтар