Өрт Коровин тас жолындағы гараж кешенінде шыққан. Қызыл жалын
350 шаршы метр аумақты шарпыды. 29 темір гараж отқа оранды. 10 көлік пен 5 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
Еске сала кетейік, сейсенбі күні Мәскеудің солтүстігіндегі гараждарда өрт шықты. ТЖ туралы хабар сағат 13:20 түсіп, тілсіз жау сағат 16:25 ауыздықталды. Оған 19 техника мен 76 құтқарушы және тікұшақтар жұмылдырылды.