Ғарифолла Есім: Абайды оқыған, тоқыған адам қиянатшыл болмайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілген. Мақалада «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы» делінген. Осы орайда академик, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есіммен сұхбатты ұсынамыз.

Израильеліндегі мына бір дәстүрмен бөліссем. Жастары зейнетке жақындаған еврейдіңмықты азаматтары: депутат, министркреслосы немесе ірі корпорация мен мекемедегі басшылықтан өз еркімен кетіп,оқушылар мен студенттерге дәріс беруді таңдайтын болыпты. Онысы әлемдегі ұлыұлттың деңгейін осылайша тұрақты түрде жалғастырамыз деген ұғым. Осыған недейсіз?

Бұл ғажап нәрсе. Тәлім алар дүние. Осыдан үйренуімізкерек. Қазіргі күнгі ұлттық асқынған дертіміз тақ пен атақ мансабынан шығаалмай жүрміз. Мұсылман баласы көргені мен білгенін тәлім етуі парыз. Осымұсылмандық парызды өтей алмай жүрміз. Ақсақал жасына келсе де, көпзамандастарым портфельден айрылғысы келмейді. Олар білгенін жастарға үйретуіміндет. Ол сенің, менің, бәріміздің болашағымыз. Бұл ережеге айналуы қажет.Әрбір саналы азамат бүгінгіні емес, ертеңгіні ойлауы мемлекеттілік мүдделікке айналуытиіс. Осы жағы бізде кенде қалып жатыр. Қазіргі кезде кезек күтірмейтін мәселекөп. Сондықтан белсенділік әркімнен керек-ақ дүние.

  • Сіз сенатор болдыңыз. Сұрайын дегенім, қазаққоғамын дамытуға сенатор Ғарифолла Есім,әлде ғалым-философ Ғарифолла Есім пайдалырақ болды?

  • Ашық сұрағыңа менің анықжауабым мынандай. Сенаторлыққа сайлануға немесе тағайындалуға болады. Алұстаздық ол құдіретті қасиет. Мен ұстаздығымен өз ұлтыма, өз елім мен қоғамымакөбірек пайдалы екенімді білемін.

  • Ұзақ жылдар жастарға дәріс оқисыз. «Қазіргіжастар жасық, тек тамыр-таныстық арқылы ғана жүреді» деген сөздерге айтарыңызбар ма?

  • Жастардың да жастары бар. Менбілетін студенттердің басым бөлігі жігерлі. Ертеңгі күні қандай болары тікелейөздеріне қатысты екендерін білетіндер. Ұстаздық жасайтын Еуразияуниверситетінде «Отырар» кітапханасынан арнайы аудитория ашып қойдық. Солаудиторияға студенттер тиісті сабақтарынан қолдары бос кезде келіп дәрістыңдайды. Көрдіңіз бе? Жастар білгісі келеді. Мәселе - біреу. Сол үйренгісі,оқығысы келген жастарымызға жоғары деңгейде тәлім бере аламыз ба? Осы сауалмені мазалайды. Шәкәрім қажының өсиеті бар. «Жастардың обалына қалмау керек»деген. Біз қашанда жастардың обал-сауабын арқалаумен келеміз. Біз жасболғанымызда коммунистік жалаң идеологиямен алдап, үлкендер біздердіңобалымызға қалды. Соны біздер сол қалпынша жалғастырдық. Енді егеменді елдіңжастарына қиянат жасау күсәпірлік болады. Мысалы, қазір арақ-шарап ішпеугежастар жағы өнеге бола бастады. Қоғамымыздың дінге қарай бет бұруында дажастардың ықпалы зор екенін айтуымыз керек.

Біз жалғансөйлеп, өтірік айтатын қоғамда ғұмыр кештік. Әлемде екі лагерь болды. Социалистікжәне капиталистік. «Қайғы шығар ілімнен» деп, хакім Абай айтқандай, адамныңдамуы мен өсуіне ешқандай қатысы жоқ ілімдерді оқу зардаптары осыған әкелді.Ұстаз дегендер сұмырай, залым болып шықты. Жалған дүние, алдамшы орта. Кезіндедұрыс білім алмағандардың адасуы заңды құбылыс. Соның зардабын шегіп отырмыз.

  • Оған өзіміз де куә болдық. Ендігі сәттешекарамызды бекіткен тәуелсіз елміз. Әлемнің әр жерінен Отанымыздың іргесінсөгіп, зұлымдық әрекеттерін зымияндықпен енгізуге ұмтылған жолбикелер мен соныжақтаушылардың түп – тамырын қазақ жеріне жеткізбей тиып тастаудың жолы бар ма?

  • Жамандық атаулыға темір қақпақою мемлекеттік мүдде. Бірақ оны толық шешу мүмкін емес. Ол қанша жерден қақпанқойсаң да сыналап өтеді. Оны кіргізетін арнайы халықаралық институттар бар.Олар ашықтан-ашық айғайлап келмейді. Өз тәртібі мен жолын салып білдірмейөтеді. Сананы улайтын бұл бағыттарға қарсы өзіміздің ұлттық иммуниететімізболуы міндет. Сол иммунитетті қалыптастыратын өз институттарымыз жұмыс істеуітиіс. Тәуелсіздік институты. Социалистік санадан, кешегі идеологиядан арылмай нақты тәуелсіздікке жете алмаймыз.Заман кімдікі? Мағжан Жұмабаев айтқандай, заман жастардікі! Жастарға сенумізкерек. Білгенімізді үйретуіміз керек. Өркениетті елдер өздерінің ертеңгіережесін қалай қалыптастыруда, солардың тәжірибесін ұлттық менталитетімізге сәйкестендіріпқалыптастыруымыз шарт.

  • «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерденкөптеген жастарымыз оқып келді. Алды әкім-министр болып жатыр. Қоғам дамуынсолар түпкілікті өзгерте ала ма?
  • Шетелден білім алған жастарымызелді бірден басқарып кетеді дегенге келіспеймін. Жапонияда да шеттен оқып келгендердіқайтадан ортаға бейімдейді. Шетел мен біздің шындығымыз екі түрлі. Озғанелдерден дәріс алу, тәжірибе алмасу заңдылық. Сол үйреніп келгендерді ортамызғаақылмен енгізу керек. Бірден белден басса ол кереғарлыққа әкелері анық.Жақсысын іріктеп, ұлттық дәстүрімізге келетіндей жақындатып, күштеп –нығыздамай ел өз еркімен хош алатындай саясат жүргізу керек.

Алдымыздаүлкен ғаламдық өзгерістер тұр. 2050 жылы үшінші индустриялық революция жүзегеасады. Адамзат алдындағы қатаң ережелер орнығады. Бірінші индустриялық мемлекетережесі –либералдық бағыт. Екіншісі - әлеуметтік қоғам. Үшінішісі – экологиялықтұжырыммен қалыптасу. Үшінші жолға әлі дамыған мемлекеттер де жете қойған жоқ.Мықты деген елдер әлеуметтік мемлекет аталып жүр. Біз жан–жақты қалыптасқанмемлекет болдық дейміз. Тұрпатымыз либералдық па, әлде әлеуметтік пе?Қазақстанды әлеуметтік мемлекет деп жарияладық. Бәлкім, әлеуметтік мемлекеттіңбазасын қалыптастырмай жатып, асығыстық жасаған шығармыз деп ойлаймын.Әлеуметтік мемлекеттің өз ережесі бар. Мысалы, АҚШ-ты алсақ. Он адамның үшеуіөндірісте жұмыс жасайды. Ал, жеті адам оған қызмет көрсетеді. Бұл экономикалыққағида. Одан асып кете алмайсыз. Кейінгі кездегі жұршылық тарапынан болыпжатқан әлеуметтік наразылықтардың түйткілі де осы заңдылықтардың орындалмауынантуындап отыр. Ол үшін өзіміздің отандық өнеркәсіпті дамытуымыз керек. Әлемдібилейтін экономика екендігі белгілі. Міне сол сұрапыл шақыруларға дайынтұруымыздың тетігі бүгінгі жастарымыздың биік деңгейде білім алуына қатыстыекендігі осы тұста анық көрінеді.

  • Адамды алға жетелейтін арман. Қазақ қоғамы да бірсыпыра армандарын жарқылдатыпкөрсетті. Астана арман қала. Тәуелсіздік арман. Мәңгілік ел арман. Бәріорындалды. Енді амеркалық армандарды жүзеге асыруға не кедергі. Америка - әлемдегібірінші ел. Ең мықты әскері бар. Экономикасы жаһанның қожайыны. Валютасыалтынан қымбат. Біздің де ішкі мүмкіндіктеріміз аз емес. Табиғи байлығымызкеремет. Алпауыт байлар да көптеп шығуда. Мысалы сол Американы алсақ. Байадамдары сәт сайын биліктеріне салықты көбейтіңдер деп жатады. Қайырымдылықшаралары көптеп өтеді. Өз елдеріне жұмсайды. Соны мақтаныш етеді. Қазақсанасына соны қалай қалыптастыра аламыз?
  • Адамда жан байлығы және жанжомарттылығы деген болады. Жан байлығы мен жан жомарттылығы қалай қалыптасады.Оны қазақтың қанына «америкалық арман» сіңіре алмайды. Голливуд киноларынкөріп, кез келген қазақтың бойында қазаққа жақсылық жасауға құштарлық ешқашаноянбайды. Ол үшін қазақ қазақша сөйлеп, қазақша ойлануы керек. Абай менШәкәрімді, Жамбылды ана тілінде оқып, бойына тоқуы керек. Біздің ауқаттыазаматтар халықтан алыстап кеткен. Олар өздерін халықтан жоғары қояды. «Жаманатқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» деген. Ата-тегінде байлық пен ақсүйектікболмағандардан адами қасиет те, қайрымдылық та күту бекершілік. Адамның жекебайлығы болмайды. Ол халықтың дүниесі. Заманға орай саған бұйырған несібе.Біздің байлардың басына осы ұғым-түсінік жетпейді. Қазақ елі мен жері болмаса,ондай байлық өздерінде ешқашан болмасын олар түсінбейді. Бұл бүгінгі трагедия.Осыдан өтуіміз керек.

- Хакім Абай айтқанекен «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдетті надан адамның» деп. Тұлғадейміз, халық дейміз, тобыр дейміз. Әркім өз деңгейінде бағалап жатады. Қазақифилософиядан соны сараптап берсеңіз?

- Көпті халық та дейді. Тобыр да дейді. Жұрт деген де бар.Жұмакен былай дейді: «Жұрт сөзді түсінетін, дұрыс пікірді қолдайтын топ». «Жұртымсаған айтам» деген сөз содан қалған. Екеуіміздің әңгімемізді де тұтас халықкерек қылып оқымайды, айтсақ тыңдамауы ықтимал. Мүмкін олардың барлығына оныңқажеттілігі де шамалы болар. Ал соны тыңдап, керегін алатын жұрт та бар. Жұртешқашан «тобыр» болмайды.


- Мемлекеттіліктің тірегі – мемлекеттік қызметкер.Мемқызметкерлерді оқытудың шетелдік тәжірибесін сөз еттік. Қазақи билікдәстүрін, философиясын зерделеген академик ретінде «Қазақ елінің мемлекеттікқызметкері» деген ұғымға анықтама беріп өтсеңіз?

- Мемлекеттік қызметкер инабатты болу керек. Мұсылмандықадал қағидатты сақтауға лайықты жан деп түсінем. Пайғамбарымыздың хадисі бар: «Адамғажақсылық жасаған жан ғана мұсылман» деген. Қиянат деген мемлекеттік қызметкердеболмауы керек. Адам баласына қиянаты жоқ кісіні мемқызметке тағайындауға таласым жоқ. Елдің уәкіліқиянатқа бармауы міндет. Тақ бітсе төбедегі Құдайды ұмытатындар көп. Меніңше әрмемқызметкер Абайдың он өлеңін жатқа білгені шарт. Абайды оқып, қайталаптоқысаңыз қиянатшыл болмайсыз. Абай таусылмайтын данышпандық дәрия. Жамандықтаналастайтын асылымыз. Өзіңді ойласаң Абайды оқы және тоқы. Қиянаттан құтқарады,қателікке ұрындырмайды.

- Әңгімеңізге рақмет!

Соңғы жаңалықтар