Гарнизонның ең сұлу әскери қызметшісі атағына лайықты болу үшін әр қатысушы өзінің барлық білімі мен түрлі саладағы шеберліктерін, сондай-ақ ән айтуда, билеуде, киім мен шаш үлгілерін жасаудағы шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуі қажет болды.
Әрбір тілек білдірушінің өзіне ұнаған қатысушыға ашық дауыс беруі ұйымдастырылды. Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 29108 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Шынар Қызбаева «Гарнизон аруы - 2015» байқауының жеңімпазы атанды.
«Мен үшін гарнизонның аруы атағы мақтан тұтарлық жайт. Осындай байқауларды жиі өткізу керек деп ойлаймын. Ол қазақстандық армияда лайықты қызмет атқарып жүрген аяулы да, әсем қыз-келіншектерімізді жақсы жағынан көрсетеді» - дейді ол.