Гарри ханзада астаналық итпен танысты
14:05, 05 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания патшайымы Элизабет II немересі, Уэльстік Генри (Гарри) ханзада британдық дипломаттар Астанадағы жануарлар үйінен асырап алған итпен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Міне, бірнеше жыл бұрын британдық дипломаттар жанұясы асырап алған Неллидің қазіргі өмірі осындай. Астанада ерлі-зайыптының иті көз жұмып, орнына жануарлар үйінен осы күшікті асырап алған. Қазір Нелли тропикалық Гуянада тұрады және Ұлыбритания ханзадасы Гарримен танысады!», - деп хабарланды жануарларды қорғау бойынша астаналық еріктілер қозғалысының ресми Инстаграм парақшасында.
Ұлыбритания елшілігінің хабарлауынша, иесіз итті Қазақстандағы Ұлыбритания елшісінің сол кездегі орынбасары Грег Куиннің отбасы асырап алған. Кейінірек Грег жұмыс орнын ауыстырды және жанұясымен өзге елге көшіп кетті.
Грег Куинн өзінің Facebook парақшасында иттің Астанадан кеткеніне ұзақ уақыт болса да, жүрегі қазақ болып қалғанына сенімді.