Гарри Поттер туралы фильмдерде түскен актер Өлім аңғары аумағында қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық актер Дэйв Ледженоның өлі денесі калифорниялық Өлім аңғары аумағында табылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Көрермендерге "Гарри Поттер және Принц-Полукровка" (Harry Potter and the Half-Blood Prince) фильмінен Фенрир Грейбэк қасқыр адам рөлімен белгілі 50 жастағы актердің мүрдесін туристер Забриски-пойнт жерінен тапты. Иньо полициясының ақпаратынша, туристер құтқарушыларды шақырған. Қаза тапқан адамның кім екенін білу үшін өлі дене тікұшақпен тасымалданды.

"Сараптама нәтижесінде көз жұмған адам Ұлыбританияның 50 жастағы азаматы Дэвид Леджено болып шықты, - делінген шериф кеңсесінің хабарламасында. - Тиісті сараптама жүргізген соң өлім себебі анықталады". Hollywood Reporter жорналының мәліметінше, актер жуырда "Соңғы рыцарлар" (The Last Knights) фильміне түскен.