Pinewood компаниясы өз сайтында PW Real Estate Fund жылжымайтын мүлік қорының еншілес компаниясы болып табылатын Venus Grafton Sarl" компаниясына қолма-қол ақшаға сатылуы мүмкін келісімге қол жеткізілгені жайлы мәлімдемені жариялады.
Ақпан айында болуы мүмкін сатылымды дайындау үшін компания Rothschild инвестициялық банкін жалдаған деп хабарлануда.
Агенттік мәліметтері бойынша, Pinewood компаниясы АҚШ пен Канаданы қосқанда, әлем бойынша телевизиялық студиялар мен киностудиялардың иесі. Pinewood Studios киностудиясы 1930 жылдары Лондонның батыс жағында құрылған.