«Кешен қазір салынуда. Оның басымдығы сол, біз мүлдем жаңа ғарыш аппараттарын, жерсеріктерін құрастырушысы атанатын боламыз», - деді ол.
Қазіргі уақытта сынақ жасау кешеніне жерсеріктерді монтаждауды аяқтау мақсатында бельгиялық, франциялық және англиялық құрал-жабдықтар әкелінді.
«Бюджетті нақтылау барысында 2016 жылы қосымша 2,6 млрд теңге бөлінді. 2017 жылы аталған бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін тағы 16,3 млрд теңге қажет», - деді Щегельский.
Өз кезегінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президенті Марат Нұрғожин, ғарыш аппараттарын құрастыратын аталмыш кәсіпорын бүкіл ТМД-да баламасы жоқ бірегей жоба екендігін атап өтті. Оның құрылысы еуропалық стандарттар негізінде жүргізілуде.