Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені 2023 жылы пайдалануға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені 2023 жылы пайдалануға беріледі. Бұл жайында Мәжіліс депутатының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда «құрастыру-сынау кешенін құру» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Airbus DS компаниясы жобаға инвестициялық салым аясында(29,8 млн еуро) «CATR»жинақы антенна полигонын монтаждауды жүзеге асырды. Құрастыру-сынау кешенін өнеркәсіптік пайдалануға беру 2023 жылы халықаралық стандарттарға сәйкес барлық сынақ учаскелерінде сынақтардың толық циклін өткізгеннен кейін жоспарланып отыр», - деді бірінші вице-премьер.

Депутаттық сауалған анықтама ретінде ұсынылған дерекке сәйкес, 2022 жылдың 3-тоқсанында құрастыру-сынау кешенінің операциялық біліктілікгі және пайдалануға беруге дайындығы 90 пайызды құрайды. Бұл ғарыш аппараты салмағы 6 тоннаға дейінгі ғарыш аппараттарының барлық түрлерін сынау мүмкіндігі бар Орталық және Орта Азиядағы жалғыз ғарыш аппараты саналады.

«Жалпы, 2026 жылға қарай әртүрлі мақсаттағы спутниктер өндірісінің әлемдік нарығына шығу жоспарланған. Ол үшін 2023 жылы құрастыру-сынау кешенінде жерді қашықтан зондтау спутниктерінің топтамасын құруға мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын болады», - деді ол.