Ғарыш экологтары Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылғаннан кейін жұмысқа кірісті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың 13 шілдесінде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылғаннан кейін, «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗИ)» РМК өкілдігінің қызметкерлері жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК бас директоры Жайлаубай Жұбатовтың хабарлауынша,ұшырылым штаттық режімде өткен. Зымыран-тасығыштың алғашқы сатысы Қарағандыоблысы Ұлытау ауданында орналасқан № 25,15 (Ю-24 аймағы) арнайы аймағынақонған. «Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК Байқоңыр өкілдігінің мамандары Байқоңыр ғарышайлағында зымыран-тасығышқа отын құю кезінде атмосфералық ауа мен топырақтансынама алды.

«Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК Жезқазған бөлімінің қызметкерлері ресейлікәріптестерімен бірлесіп бірінші саты түскен орында экологиялық зерттеужұмыстарын жүргізуге кірісті. Барлық экологиялық жұмыстар штаттық режімде жүріпжатыр, деп атап өтті Ж.Жұбатов.

«Протон-М» зымыран-тасығышы 2019 жылдың басынан бері ұшырылған екінші ғарышкемесі. Ресейлік ауыр зымыран «Спектр-РГ» ғарыш обсерваториясын белгіленгенорбитаға алып шығарды.


Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар