Ғарыш кеңістігіндегі ғарышкерлер Жаңа жылды 16 рет қарсы алды

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - 2011 жыл толып кеткен уақыт белдігін 16 рет кесіп өткен Халықаралық ғарыш стансасы (ХҒС) Жаңа жылды 16 рет қарсы алды, деп хабарлайды Ұшыруларды басқару орталығының (ҰБО) баллистикалық қызметі.

Алғаш рет Жаңа жылды атап өту 31 желтоқсанда сағат 14.00-де, ал соңғы рет 1 қаңтарда Мәскеу уақыты бойынша 13 сағат 00 минутте орын алды.

Дәстүр бойынша ХҒС Жаңа жылды үш рет қарсы алады - Ресей және Америка ҰБО уақытымен, сонымен қатар станса бортында қолданыста жүрген гринвич уақыты бойынша.