«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы, «Энергия» ЗҒК, Машинаажсау орталық ғылыми-зерттеу институты мамандарынан оқыс жағдайды тексеру жөніндегі арнайы комиссия жасақталды.
Бұрын станса экипажы модульдердің барлығын тексеріп, «Союз МС-09» басқарылатын көлік кемесінің тұрмыстық бөлігінде ұсақ саңылауды анықтады. Қазір ақауды реттеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Экипаж өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп-қатер жоқ, делінген хабарламада.
«Роскосмос» бас директоры Дмитрий Рогозин бүгін Twitter-дегі парақшасында ХҒС герметизациялаудың аяқталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, он екі сағаттан кейін қайта тексеріледі.
Еске сала кетейік, Халықаралық ғарыш стансасында ресейлік ғарышкерлер Олег Артемьев, Сергей Прокопьевтен, америкалық Эндрю Фейстел, Ричард Арнольд, Серена Ауньон-Чэнселлор және неміс ғарышкері Александр Герсттен құралған екі экипаж бар.