Қалың оқырманның назарына ұсынылып отырған бұл кітап ғарышқа жол Байқоңырдан от алған маңда өмір сүріп жатқан жергілікті халықтың хал-ахуалы жайында. Ойы орамды, тілі шұрайлы көркем тілмен жазылған әдеби еңбек Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көріп отыр. Байқоңыр жайындағы бұл еңбекті қазақ тіліне аударған - Оксана Лоскутова. Кітап өте жеңіл ұғынықты оқылады.
Автор Қызылорда облыстық және республикалық ақпарат құралдары арқылы көпшілікке есімі жақсы таныс. Ол «Астана» телеарнасында таралатын сан-салалы ғарыштың құпиясы жайындағы «Состояние невесомости» хабарының жүргізушісі. 2010 жылы «Самый близкий к космосу аул» атты кітабы орыс тілінде басылып шыққан.