Ғарышкер А. Айымбетов шын мәнінде үлкен адам екенін дәлелдеді - Т. Әділов

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов шын мәнінде өзінің үлкен адам екенін дәлелдеді. Бұндай пікірді Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Талғат Әділов айтты.

«Біздің ғарышкер үлкен мақтаулар мен бағаларға лайық. Ол шын мәнінде үлкен адам. Шынымды айтсам, болашақ мамандығымды таңдау кезінде мен өзімді түрлі салада елестетіп көрдім, дәрігер ретінде де, ғалым ретінде де. Армандарымның ең асқағы ғарышкер болу еді. Ол мен үшін адамзатқа ең пайдалы, ең қажетті болып саналды. Сөзсіз, қазір де сол көзқарастамын», - деді Талғат Әділов.

Оның айтуынша, адамдар таңдаған кез келген мамандығына сүйіспеншілікпен қараса, ол оған қуаныш сыйлайды, Отанына да пайда әкелетіні сөзсіз.

«Қандай да бір мамандықтың танымалдылығына қарамау керек. Бұл дұрыс көзқарас емес. Адамның мәртебесі мамандығына байланысты емес, біліктілігіне байланысты артады», - деді ол.