Қазғарыш ұсынған фотосуреттерде Айдын Айымбетовтің электрокардиограмма және биохимиялық қан талдауы процедураларынан өтіп жатқаны көрініп тұр.
Салмақсыздық жағдайында барлық бұлшықеттердің жансызданатыны және жүректі үнемі бақылау қажет екені белгілі. Салмақсыздық жағдайында кез келген ғарышкердің қан көлемі 30-40 пайызға азаяды. Сондықтан ғарыш сапарынан кейін мамандар қан құрамының қалпына қалай келіп жатқанын міндетті түрде тексеріп отырады, деп түсіндірді фотосуреттерді Қазғарыштың баспасөз қызметінен.
Айдын Айымбетов Қазақстанға оңалту курсы аяқталған соң оралады.