Ғарышкер Леоновтың скафандры 242 мың долларға сатылды

None
АСТАНА. 6 мамыр. Қзаақпарат - Bonhams аукцион үйінде бейсенбі күні адамның ғарышқа алғашқы ұшуына 50 жыл толуына орай үлкен «ғарыштық сауда» болды.

Нью-Йоркте болған сауданың ең басты лоты 1975 жылы маусым айында «Союз-Аполлонда» ұшқан кеңестік ғарышкер Алексей Леоновтың скафандры болды, - деп жазады ВЕСТИ.ру.

Bonhams өкілдері хабарлағандай, алдын ала 100-150 мың долларға бағаланған «Сокол-К» атты скафандр 242 мың долларға сатылды.

Сонымен қатар 1990 жылы «Мир» орбиталық стансасына «Союз ТМ-10» кемесінде ұшқан ғарышкер Геннадий Стрекаловтың скафандры 67 мың долларға сатылды. Ал 1987 жылы «Мир» стансасына «Союз ТМ-4» кемесінде ұшқан ғарышкер Анатолий Левченконың скафандры 5,5 мың долларға сатылды.