Ғарышкерлер аппараты Қарағанды облысына келіп қонды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішінде үш ғарышкері бар «Союз» ТМА-19М капсуласы Қарағанды облысының далалы жеріне қонды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Британдық Тим Пик, ресейлік Юрий Маленченко мен америкалық Тимоти Копр 186 күн Халықаралық ғарыш стансасында жұмыс істеді.

«Союз» аппаратының қонуы қалыпты режімде жүргізілді.

Тим Пик ХҒС-ға барған алғашқы британдық астронавт. Жарты жылдық сапарында Тим Пик британ тарихында тұңғыш рет ашық ғарышқа шыққан астронвт болды, ол Лондон марафонын салмақсыздық жағдайында жүгірді.