Ғарышкерлер мінген «Союз» кемесі Жезқазғанға жақын жерге қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аппарат Жезқазғаннан 147 шақырым жерге қонды, деп хабарлады ресейлік РИА Новости агенттігі ұшырылымды басқару орталығының өкіліне сілтеме жасай отырып.

Миссияға қатысушы - Скотт Келли, Михаил Корниенко, сондай-ақ Сергей Волков жарты жыл орбитада жұмыс істеді.
«Аппарат Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан 147 шақырым жерге қонды», - деп атап өтті агенттікке ақпарат беруші.