Ғарышта қытайлық қырыққабаттың алғашқы егіні жинап алынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансысының (ХҒС) экипажы ғарышта қытайлық қырыққабаттың алғашқы егінін жинап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Борт-инженер Пегги Уитсон стансыға келгеннен кейін өзге жұмыстармен қатар «бақшамен» де айналысты. НАСА-дан атап өткендей, экипажға өсімдіктен дәм татуға беріледі, бірақ жиналған егіннің басым дені зерттеу жүргізуші үшін Жерге жіберілетін болады.

Қытай қырыққабатының Токио Бекана (Tokyo Bekana) тұқымы ХҒС-қа өткен жылдың сәуірінде жеткізілді. НАСА-ның хабарлауынша, бұл ғарышта жиналған түрлі көкөністің бесінші егіні. Дәнді-дақылдарды ХҒС-қа жіберу кезінде оны шикі күйінде жеу мүмкіндігі бірінші кезекте ескеріледі.

Бір жыл бұрын НАСА астронавты Скотт Келли ХҒС бортында алғаш рет астра-циния гүлі шешек атқанын айтқан болатын.