08:32, 27 Сәуір 2009
Ғарышта Жеңіс күні атап өтіледі
БАЙҚОҢЫР. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Ресейғарыш» агенттігінің мамандары ұшақпен Мәскеуден Байқоңырға, Халықаралық ғарыш стансасындағы экипаж мүшелері үшін үш «георгиев лентасын» жеткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ресейғарыштың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеңіс күніне орайластырылған «Георгиев лентасы-2009» шарасы сәуірдің 24-інде басталып, мамырдың 9-ына дейін жалғасады. Агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл акция осымен бесінші жыл қатарынан өтуде. «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорациясының мамандары «георгиев ленталарын» арнайы контейнерге салып, Байқоңырдан мамырдың 8-інде жергілікті уақыт 00 сағат 36 минутта ұшырылатын «Прогресс М-02М» жүк кемесімен орбитаға жөнелтеді.