Сегіз ай бойы Халықаралық ғарыш стансасының бортында болған дәнектен өскен төртжылдық жапон шиесінің көшеті аталған кезеңде Жер шарын 4,1 мың мәрте айналып өткен болатын.
Осыдан кейін шие Гифу префектурасындағы будда шіркеуі аумағына отырғызылған. Ал сәуірде биіктігі шамамен төрт метрге жеткен сакура тосыннан гүл жарды. Әдетте ол он жыл уақыттан кейін ғана гүлдейтін еді.
«Бұған дейін бұл ағаштың дәнегі өнген емес. Біз қатты қуанудамыз. Өйткені, бұл өте кәрі ағаш, оған шамамен 1250 жыл», -дейді шіркеу діни қызметшілерінің бірі.