Гашиш тасымалдады деген күдікпен «Алматы-Новосібір» пойызында үш қазақстандық ұсталды - Ұлттық қауіпсіздік комитеті

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - «Ауыл т.ж.» шекаралық бақылау бөлімінің («Семей» жеке бақылау-өткізу бекеті) шекарашылар наряды арнайы үйретілген иісшіл иттің көмегімен Алматы-Новосібір пойызының вагондарының бірінің дәретханасынан жалпы салмағы 3 келі гашиш тапты. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Есірткі затын тасымалдады деген күдікпен қазақстандық үш азамат ұсталды», делінген ведомствоның ақпарында.