Ғасырдың ең ұзақ күн тұтылуы болады
АСТАНА.KAZINFORM — 2027 жылғы 2 тамызда XXI ғасырдағы ең ұзақ толық күн тұтылуы күтіледі. Толық қараңғылық фазасы қа созылады. Бұл 1991 жылдан бергі рекорд болмақ.
The Daily Galaxy деректеріне сәйкес, ең қолайлы бақылау орны — Мысырдың Луксор қаласы. Мұнда тұтылу түске тура келіп, көне храмдар мен Патшалар алқабының үстінен өтеді.
Ғалымдардың айтуынша, бұл символдық мәнге ие, себебі ежелгі мысырлық абыздар да күн тұтылуларын храм қабырғаларына түсіріп отырған.
Астрономдар Ливия мен Батыс Мысыр аймақтарында тамыз айында ауа райы ашық болатынын, бұл жерде соңғы ондаған жылда күн тұтылуы кезінде бұлтты күн тіркелмегенін атап өтті. Айдың көлеңке жолы 15 мың шақырымнан астам қашықтықты қамтиды. Атлант мұхитынан бастап Испания, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс арқылы Йемен мен Шығыс Африкаға дейін созылады. Оңтүстік Испанияда қараңғылық шамамен үш минутқа, ал Францияда күн тұтылуы тек жартылай байқалады.
Алдағы астрономиялық құбылыс туристер мен ғалымдар арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Луксордағы қонақүйлердің көбі қазірдің өзінде толып қалған. NASA және Еуропаның жетекші университеттері тұтылуды бақылау миссияларын ұйымдастырып, бүкіл әлемге тікелей трансляция жасауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, NASA 2035 жылға қарай Айда адамдар тұра алатын ауыл салуды жоспарлап отыр.