Ғасыр соңына қарай адамзат кесірінен әлемдік мұхиттар экологиясына келетін зиян жылына 2 трлн. долларды құрайды

None
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Ғасыр соңына қарай адамзат кесірінен әлемдік мұхиттар экологиясына келетін зиян жылына 2 трлн. долларды құрайды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Мұндай болжам Колумбияның Британ университетінің  халықаралық балық шаруашылығы проблемалары жөніндегі маманы Рашид Сумалианың қатысуымен әзірленген 300 беттік «Мұхиттарды бағалау» баяндамасында келтірілген. 

Бұл әлемдік мұхиттарға химиялық тыңайтқыштардың, көмірқышқыл газы шығарындыларының және балықты шектен тыс аулаудың, яғни адамның іс-әрекетінің салдарынан туындайтын зиянды алғашқы экономикалық бағалау болып табылады.

Егерде Әлемдік мұхиттардың экологиясын қорғау бағытында ешқандай шара қолданылмайтын болса, онда баяндама авторларының есебіне сәйкес 2100 жылға қарай жаһандық экономиканың шығыны жылына 1,979 трлн. долларды құрайды.