Олар құны 14 млн фунтқа бағаланған алтын, гауһар және жақұт тастарды ұрлаған. Қылмысты ұйымдастырушы 76 жастағы Брайан Ридер инсультіне байланысты сот отырысына қатыса алмады.
Оған қатысты үкім кейіндеу шығады, деп жазады Би-Би-Си агенттігі. Ел тарихындағы ең ірі тонау оқиғасы өткен жылдың сәуір айында діни мереке кезінде жасалған.
Полиция қылмысты мереке біткен соң бірақ білген. Ал айыпталушылар Hatton Garden Safe Deposit жерасты қоймасына бетон қабырғаны тесіп кіріп, 56 сейфті қолды қылған.