Ғасыр жасаған қарияға ауылдастары ат мінгізіп, шапан жапты

Фото: None
ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат – Іргесінде жеті ғасырдан астам уақыт жайқалып киелі ағаш өсіп тұрған Алматы облысы жәркент қаласы маңындағы Әулиеағаш ауылында жүз жасқа келген ақсақал тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір ғасыр жасағанақсақалдың есімі - Тұрағалды Жақсылықұлы. Жұт жылдары ауылдастарымен біргешекара асып, ауып кеткен Қытай жерінен тарихи Отанына 1955 жылы оралған. Содан1983 жылы құрметті еңбек демалысына шыққанша осы ауылда табан аудармай ғұмыркешіп, мал баққан. Ауыл шаруашылығындақажырлылықпен еткен жемісті еңбегі үшін осындағы Ленин атындағы совхоздыңәкімшілігі тарапынан талай рет моральдық және материалдық ынталандыру сыйлықтарына ие болған. Ата кәсіптің қыр-сырын жетік білетін қайратты қария зейнетке шыққан соң да соңғы жылдарға дейінаттан түспей, балаларының қат-қабат шаруасына бас-көз болып келген.

Тұрағалды ақсақал 2012жылы өмірден өткен жұбайы Шолпан әжеймен бір шаңырақ астында 67 жыл отасқан.Екеуі 12 ұл-қыз өсіріп, олардан 36 немере, 67 шөбере, 3 шөпшек өрбіткен.Балаларының алдының өзі ақ сақалды, ақ самайлы әже атанып, оданкейінгілері де қоғамымызға лайық азаматтар болып өсіп, өмірден өз орындарынтапқан. Олардың арасында ортаншы ұлдарының бірі Игенбай ұзақ жылдар бойы жергілікті басқаруоргандарында қажырлы қызмет етіп, ауыл әкімі болды.

Әулиеағаш ауылыныңжұртшылығы таяуда жүз жасаған Тұрағалды қарияның мерейтойын үлкен қуанышпенатап өтті.

Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Ермек Еркінұлы Нұрахметов округтұрғындары атынан ақсақалға арнайы құттықтау тапсырып, шапан жапты. Ауылдастарыат мінгізіп, көптеген сый-сияпат жасады. Той соңында Тұрағалды ақсақалел-жұрттың амандығын тілеп, ақ батасын берді.

Соңғы жаңалықтар