Сұм ажал үлкен ойшыл, сөз зергері, халқымыздың текті перзенті, қоғам, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлын арамыздан алып кетті.
Біздер Әбіш Кекілбайұлы сынды абыз ойшылды білгеніміз үшін, оның шығармаларын тұшына оқып, өзін көріп, сөзін тыңдап, ғибрат алғанымыз үшін бақыттымыз. Өкініштісі сол, ғасырда бір туар үлкен жүрек тоқтады.
Әбіш ағаның еліне сіңірген қайраткерлік еңбегі, әдебиетімізге қалдырған мол мұрасы, айтқан асыл сөздері, ойшыл бейнесі мәңгі ұмытылмақ емес.
Қош бол, абыз аға!
Нұрлан Қалқа, ақын, Баубек Бұлқышеа атындағы сыйлықтың лауреты