Ғасырлық тарихы бар Құран «Әзірет Сұлтан» мешітіне сыйланды

None
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Жақында «Әзірет Сұлтан» мешітінде айтулы оқиға болды. Өзбекстаннан оралған қандасымыз Убайдулла Бекдуллаев әкесінің өсиеті бойынша атасы Әлішбек Досанұлына тиесілі қасиетті Құран кітабын мешітімізге сыйға тартты.

Бұл туралы аталған мешіттің www.muslim.kz ресми сайты жазады.

Қасиетті Құранды сыйлай отырып, мешіттің бас имамы Қайрат Жолдыбайұылымен әңгімелесу барысында Убайдулла Бекдуллаев: «Арғы атам Досан қазақтың Балқы руының биі болған адам. Олар үш жүз жыл бұрын «Ақтабан шұбырынды» ашаршылығы кезінде Бұқар облысына қоныс аударған екен», - деп атап өтті.

Ғасырлық тарихы бар Құран 1917 жылы Қазандағы «Карима» баспаханасынан шыққан көрінеді.