«Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы – астықты, аграрлық өңір. Кешелекте біз экономиканың аграрлық секторын, жол құрылысын, өнерәсіпті, әлеуметтік инфрақұрылымды және адамдардың өмір сапасын жақсарту үшін Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттерді дамытатын боламыз», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте агенттік тілшісінің сауалына орай.
Гауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың қабылданғанын атап өтті.
«Ол аграрлық сектор, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік инфрақұрылым сияқты экономиканың түрлі секторларын дамытуды қамтиды. Біз осы бағдарламалардың бәрін басты назарда ұстаймыз. Олар жыл сайын өзектендіріліп отырады және осы бағытта жұмыс істейміз», - деді облыс басшысы.