«Бейсенбі күні елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғаны туралы жаңалық Қазақстан халқын уайымға салды. Елбасы өзін-өзі оқшаулағанына қарамастан, қашықтан жұмыс істеп жатқаны қуантады.
Осындай қиын сәтте Ұлт көшбасшысына қолдау білдіріп, зор денсаулық тілегіміз келеді. Бірден оның тәуелсіз Қазақстанның дамуы, оның реформалары мен әлемдік саяси аренадағы беделін арттыру үшін еткен еңбегі еске түседі.
Ол – біздің Тұңғыш Президентіміз. Сол себепті оның денсаулығына бүкіл ел алаңдап отыр. Шымкенттіктер Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық, ұзақ өмір және оптимизм тілейді!», - деді Гаухарбек Тілеқұлов.