Жаңа көшбасшы ретінде басқа үнді миллиардері — Гаутам Адани аталды. Bloomberg оның байлығын шамамен 92–94 миллиард доллар деп бағалап отыр.
Осы жағдай аясында үнді медиасы Амбани отбасының құны шамамен 17 миллион еуро тұратын жаңа люкс Airbus H160 тікұшағын сатып алғанын жазды. Бұл көп мақсатты тікұшақ стандартты нұсқада 12 жолаушыға дейін тасымалдай алады, шамамен сағатына 255 шақырым жылдамдыққа жетеді және 890 шақырымға дейін ұша алады.
Амбани отбасы үшін мұндай сатып алу ерекше нәрсе емес: үнді баспасөзі олардың үлкен әуе паркі, люкс автокөліктер коллекциясы және басқа да активтері туралы бұрыннан жиі жазып келеді.
Еске сала кетейік, былтыр үндістандық миллиардер Амбани Азиядағы ең бай отбасы атанған еді.