Гавайда атқылаған жанартау күлі тұрғын үй орамдарына дейін жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Килауэа жанартауынан атқылаған күл Гавая аралындағы кенттердің тұрғын үйлеріне дейін жеткен, деп хабарлады «Ассошиэйтед Пресс».

Атқылаған тау жынысы Пахоа ауылының маңындағы зиратты бұзып өткен. Мамандардың деректерінше, ағын сағатына 9 метр жылдамдықпен елді мекенге жақындап келеді. 900 градус температурамен лава 60 ғимаратқа қауіп төндіруде. Жанартау 1983 жылы оянған. Қазіргі уақытқа дейін белсенділігін жоғалтпаған. Бірнеше онжылдықта жанартау атқылауынан 180-нан астам үй жойылған.