Гавайдағы аралда тікұшақ құлап, төрт адам мерт болды

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Гавайдағы Кауаи аралында тікұшақ апатқа ұшырап, салдарынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна ақпаратына сәйкес, апат полигон орналасқан жерде болған. АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі Sikorsky S-61N тікұшағының апатқа ұшырау себебін зерттеп жатқанын мәлімдеді.

Тікұшақты Croman компаниясы келісім-шарт бойынша жалға алып, пайдаланған.